Шымкентте мектеп олимпиадасы кезінде 15 оқушы уланып қалған
Шымкентте олимпиадаға барған оқушылардың улануына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Дене қызуы көтеріліп, өздерін әлсіз сезінген 15 баланың бәрі асқазан-ішек жолдарының ауруына шағымданған. Сондай-ақ мектеп оқушыларының бірінен ауыр дәрежедегі желшешек бөртпесінің белгілері табылды. Мамандар олардың нақты қайда және қандай тағамнан уланғанын дөп басып айта алмай отыр. Осы жағдайдан кейін, Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен олимпиаданы өткізу форматы өзгертілген. Шараның жабылу салтанаты болмайды. Сондай-ақ сәуір айына жоспарланған қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша республикалық олимпиада әр өңірдің өзінде өткізілетін болды.
Инна Глазебная, қалалық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:
- Оқушылар жолда гамбургер, суши, салат және тәтті тағам түрлерін жегендерін айтты. Яғни түрлі өнімді бір уақытта тұтыну ауруға себеп болуы мүмкін.
Гаждембек Тұрсынов, «Дарын» РҒП орталығының директоры:
- Балаларды алып келгеннен кейін екінші күні байқала бастады. Ауруханада жатқан балалардың оны Қостанай облысының балалары. Бір оқушымыз қызылорданыкі және Астана РФМШ, Алматы РФМШ балалары. Ветрянкамен ауырған ол ШҚО оқушысы.