Абай облысында алапат өртке қатысты жағдай тұрақтала бастады. LIVE
Бұл туралы жергілікті штаб өкілдері мәлімдеп отыр. Жалын 60 мың гектар аумақты шарпыды. Өңірде аэровизуалдық бақылау жүріп жатыр. Қосымша Шығыс өңірлік қолбасшылығынан 200 адам, 8 техника көмекке келді.
Жедел штаб өкілдерінің ақпаратынша, жағдай аздап болсын тұрақталып қалды, Көрсеткіш соңғы 60 мың гектар аумақтан асқан жоқ. Облыстық штабта жедел желі іске қосылды. Таңертең Талица, Барышева, Камышенка ауылдары жақта өрт ошағы тіркелігенін айтуда. Успенская, Поднебесная ауылдарында да жалынмен күрес жүріп жатыр. Орманшылар мен құтқарушылар жалынмен алысып ел алаңдап отырған кезде тарап жатқан жалған ақпараттар көбейіп кетті. Сондықтан жергілікті мамандар мұндай ақпарат тек жұртты дүрліктіретінін айтып, сақ болуға шақырады.
-Эльмира, тікұшақтар жұмылдырылды ғой, қалай көмегін беруде?
Штабта жұмыс қызу білуімізше. Техника тікұшақ бәрі жұмылдырылып жатыр. Мәселен, барлық тікұшақтан осы күнге дейін 200 тонна су шашылған екен.