Абай облысындағы өрт: 25 азаматқа медициналық көмек көрсетілді
Абай облысындағы алапат қауіптілігі бойынша ең жоғарғы 5-ші санатқа жатқызылды. Төтенше жағдай жергілікті жұртқа оңай тимей тұр. Әсіресе 14 орманшының қазасы, өрттің дес бермей тұрғаны, аяқ астынан жасалған эвакуция тұрғындарға үлкен соққы болды. Сондықтан психологиялық, медициналық көмекке зәру жандар бар шығар.
Эльмира Ахметова, тілші:
- Иә, енді бұл жағдай әсіресе осы орман шаруашылығы маңындағы ауыл тұрғындарына аса ауыр тиіп тұр. Тіпті эвакуция жасалмаған жұрт та әбден абдырап қалды. Сондықтан медицина мамандарынан көмек сұрағандар біршама болды. Бірінің жүрегі ауырса, енді бірінің қан қысымы көтерілген. 25 адамға медициналық көмек көрсетілді. «Оның бәрі алаңдаушылықтан туындап отыр»,- дейді мамандар.
Төлеген Иманбаев, облыстық апаттар медицинасы филиалы басшысының орынбасары:
- Аяқ-қолы жарақат алғандар. Басқа жарақат алғандар ушиб ранение бар, ондай көбінесе оның ішінде өрт сөндірушілер алыстан келген, әскери қызметкерлер және эвакуация жасаған үш ауыл тұрғындары олар да келіп ауырған жағдайларын айтып, оларға көмек көрсетіп жатырмыз.
- Эльмира, өрттің бәсеңдейтін түрі бар ма? Қазір қай жерлер өртеніп жатыр?
- Олар Каштак, Успенка, Батпай, Талица, Камышенска орманшылықтары және Жерновка орманшылығының шеті. Енді бір қуантатыны өрт ауқымы 60 мыңнан 40 мыңға азайды.