Семей өңіріндегі өрт бәсеңсіді
Семей өңіріндегі өрт бәсеңсіді. Оттың жаңа ошақтары жоқ. Мұны Төтенше жағдайлар министрі айтты. Жаңадан тағайындалған Сырым Шәріпханов: «Егер жел тұрмаса, бірер күнде тілсіз жауды ауыздықтау мүмкін болады»,-деді. Сонымен резерваттың қай бөлігінде ахуал күрделі?
Қорған Қонысбайұлы, тілші:
- Қалыптасқан жағдайды бажайлау үшін біз министрмен бірге тікұшаққа беттеп барамыз. Бұған дейін өрт резерваттың орталық және шығыс бөлігінде өршіп тұр еді. Енді қалай? Мұны қазір бірге байқап көреміз.
Сырым Шәріпханов күрделі кезеңде министр болып тағайындалды. Бірден оттың ортасына түсті. Иығына артылған жүк ауыр. Қайткенде де өртті өшіру керек. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы. Әйтеуір қазір жағдай қатты ушығып тұрған жоқ. От жаңа аумақтарға жайылмаған. Тек жел тұрғанда, бұрынғы жерлер қайта лаулап кетіп жатыр.
Қорған Қонысбайұлы, тілші:
- Семей орманының жалпы аумағы 650 мың гектар. Сегізінші маусымнан бері соның 60 мың гектары жанды. Бүгінде от 43 мың гектар аумақта байқалады.
Министр жағдайды әуеден бақылап, сосын күрделі аумақтарға барды. Жеке құраммен кездесті. Тәулігіне тек 2-3 сағат қана мызғып алып жүрген жігіттердің жағдайын сұрады.
Жасыратыны жоқ, жігіттер шаршаған. Бірақ білдірмейді. Өзіміз түтін арасында 10 минут жүргенімізде өрт сөндірудің қаншалықты қиын екенін сезіндік. Ал бұл азаматтардың тілсіз жаумен күресіп жатқанына осымен төртінші тәулік.
Ғалымжан Есенғазин, Астана қаласы өрт сөндіру бөлімі кезекші қызметінің жедел жетекшісі:
Ал Ғалымбек Қарқынның өрт сөндіруші болғанына 2 жылдан енді асқан. Мұндай ауқымдағы апатқа алғаш шығуы. Жас жігіт алапат жалынды көргенде жасып қалған жоқ. Қасындағы азаматтармен бірге мына жердегі өртті жаңа аумақтарға өткізбей, бұқтырып тастады.
Ғалымбек Қарқын, өрт сөндіруші:
- Семей өңірінде кешеден бері күн райы қолайсыз. Қазгидромет алдағы күндері секундына 17 метрге дейін жел соғады деп болжам жасаған. Бірақ оттың бетін аулақ қылсын дейміз. Әуеден бақылап келіп, жерге қонғанымызда министр көргенін айтып, қазіргі ахуалға тоқталды.
Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
Қаза тапқан 14 азаматтың бәрі орманшы еді. «Семей орманы мекемесінің» басшысынан сұхбат жазғанымызда ол резерватта біраз проблема қордаланып қалғанын айтты. Техника жетпейді. Арнайы киім жоқ.
Мұрат Зарлықұлы, «Семей орманы» табиғи резерваты бас директорының міндетін атқарушы:
Мұны кеше Мемлекет басшысымен кездесуде зардап шеккен отбасының мүшелері айтқан. Тіпті бірі күйеуінің орманға жеңіл аяқ киіммен кеткенін жеткізді. Енді орманшылардың жағдайы қашан жақсарады? Жаңа техникалар қай кезде алынады? Мұны осы «Семей орманына» жауапты Экология министрінен сұрадық.
Зүлфия Сүлейменова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
Реттелсе жақсы. Мұны кеше Мемлекет басшысы да айрықша тапсырды. Орманшы мен өрт сөндірушінің өзегін талдырмау керек. Себебі бұл азаматтардың жанкештілігіне осы Семей өңірінде жүрген 3 күнде өзіміз де көз жеткіздік.
Авторы: Қорған Қонысбайұлы