Абай облысындағы тілсіз жаумен күрес әлі тоқтаған жоқ
Өрт сөндірушілер кешегі күннің өте күрделі болғанын айтады. Себебі жел күшейген. Секундына 20 метр жылдамдықпен соққан жел өрт сөндіру техникаларына қауіп төндірген. Сондықтан көліктерді кей өрт ошағынан 20 шақырым алыс қойып, өрт сөндірушілерге табиғат апатымен жаяу күресуге тура келіпті. Сөйтіп Шүлбі жаққа бет алған қызыл жалын ауыздықталған. Оқиға орнында жүрген тілшіміз Эльмира Ахметова бүгін тікұшақ экипажының ұшқыштарымен тілдесуге мүмкіндік алды. «Қазавиақұтқару» мекемесіне қарасты 171 борт, кешегі күннің өзінде өрт ошағына 90 реттен су төгіпті. Ертістің жақын болуы экипажға үлкен септігін тигізіп тұр. Әуе көлігі ілген ожаумен бір лақтырғанда 3 тонна су төменге ағады. Бір емес, 4-5 ұшақ бірден бір нүктеге шүйіліп, су шашып жүр. Ер азаматтармен қатар әйел ұшқыштар да ерлік танытып, қауіптің бел ортасында жүр.
Ақерке Шопатаева, ұшқыш:
-Бұл өрт негізі үлкен көлемді алып тұрған апат деп санаймын. Негізі күніне кем дегенде 20-30 цикл жасаймыз, кеше мысалы 53 цикл жасадық. Барлығы өрттің алып жатқан аумағына байланысты, кейбір жердесу қоймасы алыс болады, ол кезде жұмыс циклы азаятын болады.