Ақтөбе облысында 8 адам газдан уланды
Ақтөбе облысының Темір ауданында 8 адам газдан уланып, ауруханаға түсті. Олардың арасында балалар да бар. Газдың иісі Кеңқияқ, Саркөл, Шұбарши ауылдарында кеше кешке сезілген. Қолқаны қапқан иістен Кеңқияқ жұрты түнді үйде емес, далада өткізіпті. Анықталғандай, Шұбарши ауылындағы газ тарату стансасы тоқтатылған соң жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ауылдарда күні бойы газ болмай, көгілдір отын тек кешкі мезгілде берілген. Қазір түрлі мекеме өкілдерінен арнайы топ құралып, газ иісінің таралу себебін анықтап жатыр.
Бекболат Ізбасаров, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Қарағаннан кейін 4 адам бірден амбулаторлық бақылауға жіберілген болатын үйлеріне. Төрт адам бізде динамикалық бақылауға Кеңқияқ ауруханасына жатқызылған болатын. Бүгінгі таңда жағдайлары тұрақты. Барлығы стационардан шығарылды. Амбулаторлық жағдайда бақылауда болатын болады.
Тұрар Қожанов, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:
- Енді қазір біздің тарапымызда осы сұрақ қаралып жатыр. «Одорант» қоспасының қаншалықты мөлшерде қосылғандығын бұл технологиялық процесте көрсетілген заттар. Біз де шығу себебін анықтайтын боламыз. Не себепті осындай адамдарға әсер еткенін.