Маңғыстау облысында фастфудтан 37 адам уланды
Маңғыстау облысында фастфуд дайындайтын орында тамақтанған 37 адам уланып, 27-сі ауруханаға түсті.
Дәрігерлер қалған 10 азаматтың денсаулығы дұрыс болған соң үйлеріне жіберген. Бейнеу ауданындағы қоғамдық тамақтану орнында суши мен пиццадан дәм татқандар көп ұзамай өздерін жайсыз сезінген. Тамақтан уланғандар арасында 8 бала мен жүкті 2 әйел бар. Фастфуд әзірленетін дәмхана уақытша жабылып, жеке кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Бердібек Саралтаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Жоспардан тыс тағы тексеру тағайындап жатырмыз. Ол енді арнайы құқықтық статистика прокуратурасына тіркеледі. Ол тексеру ашылуы керек. Бейнеудің басында жұмыс жасап тұрған обьект. Тамақты тек жеткізу қызыметімен апаратын қоғамдық орын деп айтылып жатыр. Одан бөлек қоғамдық тамақтану орны да бар екен. Бейнеу ауданында бұрындары қоғамдық орында жаппай улану тіркелген жоқ.