Қызылордалық лудоман бұрынғы әйелін өлтірмек болды
Қызылордалық лудоман бұрынғы әйелін кепілге алып, өлтірмек болды. Оқиға Түркістан облысы Сайрам ауданында болған. Күдікті жәбірленушіні көлігіне отырғызып, трассамен өзінің тұрғылықты жері Қызылорда облысына қарай бет алған. «Егер соңымнан қуып, жауапқа тартатын болсаңдар, қыздарыңды өлтіремін» деп қорқытқан.
Полицияға қыздың анасы хабарласып, шағым түсірген. Кепілге алынған адамды босату мақсатында тез арада жедел штаб құрылды. «Арлан» арнайы жасағының күшімен «Асар» ықшам ауданының маңында күдікті ұсталып, жәбірленуші босатылды.
Мұрат Қабденов, облыстық ПД бастығы:
- Қылмыс кезінде жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алғандықтан ауруханаға жеткізілді. Онда оған медициналық көмек көрсетілді. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушімен бұрын некеде болған, 3 баласы бар, 2021 жылдан бастап олар ажырасқан. Күдікті бұрын екі рет сотталған, Лудоманиямен ауырады. Күдікті қамауға алынды.