БҚО-да төтенше жағдай жарияланды
Қалдығайты, Аңқаты, Өлеңті, Жақсыбай, Елек, Шыңғырлау өзендері тасыды. Деркөл және Шаған өзендерінің арнасы толып тұр. Сырым, Теректі, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында 515-тей тұрғын үй су астында қалды. 4525 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Оның жартысы – балалар.
Бастауын Ресейден алатын трансшегаралық Қараөзен, Сарыөзен, Жайық өзендерімен де мол су келіп жатыр. 12 бағыттағы жолды 32 жерден су жырып кеткен. Салдарынан 17 ауыл көлік қатынасынсыз қалды. Бұл елді мекендердің тұрғындарына қажет азық-түлік тікұшақпен жеткізіліп жатыр.
Нұрділдә Ораз, БҚО әкімі аппаратының басшысы:
- Қазіргі күні біз деген халықтың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін оларды оқшауландыру шараларын іске асырып жатырмыз. 2 мыңға жуық адам Казталовка мен Теректі аудандарына қапшықтар төсеу, экскаваторлармен арнаны бұру, басқа да сондай жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұның бәріне 450-ге жуық техника жұмылдырылған, бір тікұшақ бар.