Хабар телеарнасы

ШҚО аумағында жер сілкінді

Магнитудасы MPV - 4,4. Бұл өңірде стратегиялық маңызды деген әрі мыңдаған жұмысшысы бар кәсіпорындарда сейсможаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығу кезінде тұрғындарды эвакуациялауға арналған техникалар тексерілді. Соңғы 10 жылда Шығыс Қазақстан облысында 20-дан астам жер сілкінісі тіркелген.

ТЖМ мәліметі бойынша еліміздің бірқатар өңірі сейсмикалық қауіпті аймақта тұр. Онда 7 млн астам адам тұрып жатыр.

Амангелді Еңсегенов, қалалық ТЖБ бастығы:
- Бұл енді денсаулық сақтау мекемелерінде, білім беру және өнеркәсіп мекемелерінде өтуде. Сейсможаттығу дегеніміз адамдардың осы жер сілкінісі кезінде өздерінің не істеу керектігін білуге арналған жаттығулар. Адамдарда жер сілкінісі кезінде 10-15 секундтай уақыттары болады.