Түркістан облысындағы балабақшада 34 бала уланып қалды
Түркістан облысында 34 бала неден уланды? Оқиға Келес ауданындағы жекеменшік балабақшада болған.
24 маусым күні таңғы астан кейін бүлдіршіндер өздерін жайсыз сезіне бастаған. Бірінен соң бірі құсып, бастары айналған. Дене қызуы көтеріліп, әлсіздік белгілері байқалғандықтан, балабақша қызметкерлері дәрігер шақыртқан. Ауруханада 15 тәрбиеленушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды. Қалған 19 баланың үшеуі жансақтау бөліміне, 16 бүлдіршін жұқпалы аурулар бөлімшесінде.
Қазір аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары балабақшада зертханалық тексеру жүргізіліп жатыр.
Бекарыс Асқарбекұлы, Келес аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
- Бүгіннен бастап науқастардың жағдайы қалыпты болуына байланысты үйлеріне шығара бастадық. Қазіргі таңда ауруханада үш науқас жатыр, инфекцияда үш науқас жатыр. Қалған үш науастың жағдайы бірқалыпты. Емін алып жатыр.