Хабар телеарнасы

Атыраудағы жекеменшік балабақшаның бірінде 4 жасар бала қайтыс болды

Атырауда 4 жасар бала кәріз құдығына құлап, мерт болды. Оқиға бүгін таңертең 11-лер шамасында, қала іргесіндегі жекеменшік балабақшада болған. Күндізгі серуен кезінде аулада ойнап жүрген бөбектердің бірі құдықтың қақпағын басқанда, ол сынып кетіп құлап, көз жұмды. Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды.

Руслан Бәйтенов, №1 Қалалық полиция бөлімшесінің басшысы:

- Қаладағы жекеменшік балабақшалардың бірінде 4 жастағы сәбидің кәріз құдығына құлап қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда кешенді тергеу амалдары басталып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.