Атырауда тағы бір адамнан күйдіргі ауруы анықталды
Атырауда тағы бір адамнан күйдіргі ауруы анықталды. Қасапхана жұмысшысы дәрігер қарауына өзі жүгінген. Қазір науқас ауруханада жатыр. Естеріңізге салайық, өткен аптада облыс орталығындағы «Асыл агро» мал базарынан екі сиырдың өлексесі табылған еді. Оның біреуінен сібір жарасы анықталып, базар карантинге жабылды және мал базарында жұмыс істейтін қасапшының күйдіргі ауруын жұқтырғаны расталып, ауруханаға түсті. Дезинфекциялау жұмыстары жүргізілгенімен, базар 8 желтоқсанға дейін жұмысын тоқтатты. Қазір қалада ветеринариялық құжаттары жоқ малды тасымалдауға және союға қатаң тыйым салынған.
Алтынгүл Аймұратова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
-Екі науқаста терілік түрінен анықталып отыр. Қолдарында жаралары бар. Екінші науқас өзі жүгінді. Қазір екеуінің де жағдайы қалыпты. Ауруханада емделіп жатыр. Басқа да жұмыс істеген қызметкердердің барлығы 14 күн бақылауға алынды.