Хабар телеарнасы

Атырауда 10 жастағы қыз бассейнде көз жұмды

Атырауда 10 жастағы қыз бала бассейнге батып, көз жұмды. Қайғылы оқиға облыс орталығындағы «Мұнайшы» спорт кешенінде болған. Әкпесімен еріп барған жеткіншек бассейннің тереңдігі 5,5 метрге дейінгі ересектерге арналған бөлігінде жүзіп, батып кеткен. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Мейірім Ердәулет, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Қылмыстық Кодекстің 141-бабы 2 бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кешенді тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат қазіргі таңда тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды