Хабар телеарнасы

Алматыда қоғамдық көліктің қатысуымен жол апаты болды

Алматыда қоғамдық көліктің қатысуымен тағы да жол апаты болды.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, түнде Талғар тасжолының бойымен келе жатқан «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы автобуспен соқтығысқан. Автобус жеке тасымалдаушыға тиесілі.

Айта кетейік, Алматыда екі күн бұрын ауыр жүк көлігі қоғамдық көліктің артынан соғып, апаттан 9 жолаушы зардап шеккен болатын.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Жол апаты салдарынан «Тойота» көлігіндегі екі жолаушы қаза тапты. Екі адам қаза тапқан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды.