Жамбыл облысында кәмелетке толмаған екі жасөспірім өзіне қол жұмсады
Жамбыл облысында қайғылы жағдай... Түймекент ауылында кәмелетке толмаған 2 бала өзіне-өзі қол салып, қаза болды. Жасөспірімдердің бірі - 15 жастағы оқушы. Ол 25 қазан кешкі сағат 20:00-де үйінен шығып, байланыс мұнарасына барып, асылып қалған. Екі күннен кейін ауыл мектебінің 11-сынып оқушысы өзіне қол салды. 16 жастағы жігіт таңғы сағат 5:30-да ауладағы қораға барып, асылып қалған. Полицейлер қайтыс болған баланың телефонынан, туыстарымен қоштасқан хатын тапты.
Гүлсара Мұқтарқұлова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
-Аталған деректер бойынша Байзақ ауданы полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғалардың толық мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлерімен жан-жақты тергеп-тексеру іс-шаралары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды.