Маңғыстау облысында тағы 137 итбалықтың өлексесі табылды
Маңғыстау облысында Каспий жағалауынан тағы 137 итбалықтың өлексесі табылды. Осылайша қырылған теңіз жануарларының саны734 болды. Қазір инспекторлар Сайын Шапағатов ауылынан Сығынды мүйісіне дейінгі аралықта зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Қызыл кітабына енген итбалықтардың жаппай қырылу дерегі 24 қазанда Түпқараған ауданында тіркелген еді. Сол жерге «Гидробиология және экология Институтының» мамандары барып, теңіз суы мен итбалық өлекселерінен сынама алды. Олардың қорытындысы әлі шыққан жоқ.
Андрей Руцкий, облыстық балық инспекция басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
- Теңіз жағасынан табылған итбалық өлекселерінің дені бүлінген. Яғни сынама алуға жарамайды. Аумақта зерттеу жүргізген ғалымдар енді итбалық табылса, бірден хабарлауымызды өтінді. Бақылау шаралары әлі де жалғасып жатыр.