Хабар телеарнасы

Қарағандыда екі жүк көлігі отқа оранды. Өңір жаңалықтары

Қарағандыда екі жүк көлігі соқтығысып, артынша отқа оранды

Оқиға қаланың солтүстік-шығыс өндірістік аймағында болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртсөндірушілер дер кезінде келіп, өртті ауыздықтаудың барлық амалын жасаған. Десе де Scania және Volvo жүк көлігі тиеген заттарымен бірге түгел жанып кеткен. Мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.

Елімізде 650 үй өртенген

Жылу маусымы басталғаны жаңа ғана, ал еліміз бойынша 650 жер үйде өрт болып, 31 адам көз жұмды. Оқиғаның басым бөлігі жылыту пешін дұрыс пайдаланбаудан болған. Осыған бойланысты Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға ескерту жасап, жер үйдердің иелеріне ақпараттық парақшалар таратып жатыр.

Сондай шараның бірі бүгін Астанада ұйымдастырылды. Рейд кезінде тұрғындарға айыппұл салу немесе басқа да жауапкершілікке тарту қарастырылмаған. Тек нұсқаулық беріледі. Әдетте құтқарушылар жыл сайын елімізде қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында 100 мыңнан астам үйді аралайды.

Шығыс Қазақстан облысында 8 тонна шөп өртенді. Оқыс жағдай Марқакөл ауылындағы шаруашылықтардың бірінде болған. Қызыл жалынның неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Құтқарушылар жедел әрекет етпегенде шығын көлемі анағұрлым көп болуы мүмкін еді. Видеода бірнеше метр жерде мая-мая шөп тұрғаны анық көрінеді. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Алматыда бір түнде кальян шеккен 100-ден астам азаматқа айыппұл салынды.

Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қорқор бұйымдарын тұтыну бойынша құқықбұзушылықтарды анықтау үшін дәмханалар мен мейрамханаларға рейд жүргізіліп, 114 хаттама толтырылды. Ал жыл басынан бері қалада 4 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде қорқор бұйымдарын ұсынған ойын-сауық орталығының иелері де бар.

Айта кетейік, елімізде кальянды пайдалануға заңмен тыйым салынған. Ереже бұзғандарға 55 мыңнан 184 мың теңгеге дейін айыппұл салынады