Хабар телеарнасы

Ақтаудағы ұшақ апаты: соңғы мәліметтер. LIVE

Ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ресейден келген медицина қызметкерлері бүгін 9 азаматты Мәскеуге алып кетті. Сондай-ақ ауруханада ес-түссіз жатқан адамның жеке мәліметі анықталды. 

Апаттан зардап шеккендерге облыстық көпбейінді ауруханада медициналық көмек көрсетілді. Ресейлік 9 жолаушы еліне қайтуға мүмкіндік алды. Соның біреуі бала. Жергілікті ассамблея өкілдері мен белсенділер оларды шығарып салды. Көрші елден арнайы келген мамандар отандастарын әуе рейсімен алып кетті. Ал ауруханада ес-түссіз жатқан екі науқастың жеке бас мәліметі белгісіз еді. Түсте біреуін өз күйеуі таныған. Ал кейін екіншісіне де қатысты ақпарат пайда болды. Екеуі де әзербайжандық. 

Жанар Байманова, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының бөлім басшысы:

- Ол кісінің осы уақытқа дейін жеке тұлғасының анықталмау себебі - бет сүйегіне зақым келген. Сондықтан бір-бірін танымады. Ал жеке заттары арқылы Ішкі істер органдарының көмегімен біз ол науқастың жеке тұлғасын анықтауға көмектесті.

Ал ауруханадағы қырғыз жолаушыларының екеуі тәуір. Тағы біреуінің жағдайы ауыр. Қырғыз диаспорасы оларға көмек беріп, елге қайтаруға қамданып жатыр.

«Ала-ТОО» қоғамдық бірлестігі төрағасының айтуынша, апат кезінде қырғыз жолаушыларының бірі тез есін жиып, қасындағы серіктеріне қол ұшын созған.

Маматқадыр Нарқозуев, қырғыз этно-мәдени бірлестігінің төрағасыбірлестігінің төрағасы:

- Бортта сол біреуі өзіне келіп, екеуіне көмектесіп алып шығып тұр. Елшілік сұрап жатыр. Қырғызстан министрлігі Қазақстанға разылығын білдіріп жатыр көмегі үшін. Көмектесіп, қанша адам қан тапсырып жатыр. Осындағы ақхалаттыларға риза болып отыр. Жігіттерді алып кетуге мүмкіншілік бар. Қазір кірем дәрігерлерге.

Жаңа ғана келіп түскен ақпарат бойынша Әзербайжан тарапы мен отандық мамандардың келісуімен Ақтаудан Бакуге 14 науқас жіберілді. Оның ішінде 1 бала бар.