Қазақстан Қытайдан кең көлемде инвестиция тартуды көздейді

  • 30
  • 17.06.2025, 18:33

Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде бес елмен жан-жақты ынтымаққа ниет танытқаны үшін Қытай Төрағасы Си Цзиньпинге алғыс айтты. Сондай-ақ бауырлас мемлекеттердің басшыларына ризашылығын жеткізді.

«80 миллиондай халқы бар ауқымды нарыққа ие және табиғи ресурстарға бай біздің өңір халықаралық қатынастар мен сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтың маңызды субъектісі ретінде өз позициясын бірте-бірте нығайтып келеді» . Осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен сан қырлы ықпалдастық негізгі рөл атқаратынына да тоқталды. Орталық Азия мен Қытай қатынасы стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгеніне баса назар аударды. Сондай-ақ Қазақстанның Қытайдан кең көлемде инвестиция тартуға бағытталған саясатынан айнымайтынын растады. «Әсіресе Қытаймен бірлескен жобаларды іске қосуға, тауар номенклатурасын көбейтіп, көршілес ел нарығында сұранысқа ие өнімдер экспортын ұлғайтуға ерекше мән беріледі. Өңделу деңгейі төртінші сатыға сай, қосылған құны жоғары өнім шығаратын технологиялық кәсіпорындар ашуға ниеттіміз», - деді Президент. Озық агротехнологиялар мен тиімді су үнемдеу әзірлемелерін қолданысқа енгізу бағытын қолдау маңызды. Елдер арасындағы экономикалық байланысқа «Қорғас» халықаралық шекара маңы тың серпін береді.