ЖСДП өкілдері сайлаушылармен жүздесті

  • 8
  • 13.08.2026, 19:43

 Батыс Қазақстан облысында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарымен кездесті. Кездесуде аутизм және церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға көрсетілетін медициналық көмек пен әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды. Ата-аналар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Құрылтай депутаттығына кандидат Анаргүл Әбенова көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстар әзірленетінін айтты.

Ал Жамбыл облысында партия өкілдері Жаңатас қаласы мен Саудакент, Игілік және Әшір Бүркітбаев ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесулерде білім, медицина, тұрғын үй және экология мәселелері сөз болды. Партияның сайлауалды штабы өз бағдарламасындағы негізгі бағыттарды таныстырды. Тұрғындар ауылдағы медициналық қызметтің сапасы, жоғары білімнің қолжетімділігі және әлеуметтік мәселелер жөнінде сұрақтарын қойды. Партия өкілдері ұсыныстарды тыңдап, көтерілген мәселелерді жазып алды.

Еркін Әбдиев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан құрылтай депутаттығына кандидат:

-Ауылды жерлерде еркін түрде медицинаны ала алатын осы әлеуметтік теңсіздіктің алдын алу, жұмысшылар арасында еңбек бөлінісінің дұрыс болуы жалақының көтерілуі деген сияқты мәселелерді айта кеттік. Ауыл тұрғындарының көңілінен жақсы шығып сайлауға деген жақсы ізгі ниет тілектерін білдіріп шығарып салды.