«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері Шымкентте медициналық қалдықтарды жинап, тасымалдаумен және залалсыздандырумен айналысатын кәсіпорынға барды. Еңбек ұжымымен кездесуде экологиялық стандарттарды енгізу, «жасыл» экономика кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау және халық денсаулығын қорғау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тараптар табиғатты қорғау заңнамасын жетілдіру, экологиялық бағыттағы бизнесті ынталандыру және өңірдегі экологиялық қауіпсіздікті қамту шараларын күшейту жөнінде пікір алысты.
Алтай Ордабеков, «Байтақ» партиясынан құрылтай депутаттығына кандидат:
- Кездесу өте жақсы өтті. Компания ұжымымен ашық пікір алмастық. Азаматтар белсенді. Кәсіпорынның тынысымен ғана шектелген жоқ, жалпы қоғам өміріне қатысты мәселелерді де көтеріп өз ұсыныстарын айтты. Экология басқа да салаларға қатысты тақырыптар көтерілді.