«Ақ жол» демократиялық партиясының аймақтарға сапары Абай облысында жалғасты. Депутаттыққа кандидаттар Семейде бірқатар кездесу өткізді. Алдымен цемент зауытына барып, еңбек ұжымымен кездесті. Қатысушылар еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік қолдауға қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Ал өңір кәсіпкерлері және белсенді жастармен өткен басқосуда жаңа кәсіп ашу, өндірісті дамыту, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жайы талқыланды. Жиналғандар партия өкілдеріне көкейдегі сауалдарына жауап алды.
Дания Еспаева, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы:
-Қасиетті Абай еліне келіп өндірушілермен, кәсіпкерлермен кездесіп отырмыз. Бірінші кездесу мына «Семей цемент» ұжымымен кездесу болды. Көптеген мәселелерді талқыладық. Соңғы Парламенттегі қабылданған заңдарды түсіндірдік.