Орал қаласында Respublica партиясының өкілдері сайлауалды кездесулер өткізіп, бірқатар өндіріс орнының жұмысымен танысты. Партия басшылығы қалбыр зауыты, өрт сөндіру көліктері мен құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын қызметкерлерімен жүздесті. Сондай-ақ облыстық кітапханада жастармен кездесіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде пікір алысты. Кездесулердің қорытындысы филармонияда өткен партия жақтастарының форумымен жалғасты. Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров экономиканы дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа кәсіпорындар ашу және халықтың табысын арттыру мәселелерін атап өтті.
Айдарбек Қожаназаров, Respublika партиясының төрағасы:
-Экономикалық жағдайымызды жақсарту, кәсіпорындар санын көбейту, жалақыны көбейту, соның арқасында біздің әр қазақстандықтың күнделікті өмірінде көріп жатқан табыс көзін арттыру ол да міндетті түрде тұрмыс жағдайына үлкен әсер етеді. Өте қарқынды және белсенді талқылау боп жатыр. Екі мекемеде де біздің партияның мүшелері өте көп, біздің партияның белсенділері өте көп. Сондықтан олар бізді өте қуана-қуана қарсы алып жатыр.