Мәжіліс Денсаулық кодексін бірінші оқылымда мақұлдады
Денсаулық туралы кодекстен бұл норма алынып тасталды. Мәжіліс депутаттары халықтың денсаулығы туралы кодекс пен кей заң актілеріне денсаулық сақтау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Төменгі палата құжатты құптамас бұрын жауапты мамандармен, сарапшылармен, азаматтық қоғам өкілдерімен бірнеше рет талқылап, бірқатар өзгеріс енгізген болатын.
Дені сау халық қана бәсекеге қабілетті ел құрады. Мәжіліс Денсаулық кодексін жарты жылға жуық уақыт реттеді. Үкімет ұсынған нұсқада: «Адам тірі кезінде донорлықтан бас тартып үлгермесе, оның органдарын жолдасы не туыстарының рұқсатынсыз пайдалануға болады» делінген болатын. Депутаттар «Мұндай жағдайда ағзасын алуға мүмкін болмайды және туыстарының пікірін ескеріледі» деп өзгертті. Енді министрлік арнайы портал енгізіп отыр.
Саланы толықтай цифрландыру – міндет. Кодекс жобасында жекелеген медициналық мәліметтерді бірқатар тұлғаның қарауына мүмкіндік берілген. Ал депутаттар құпиялылықты сақтау үшін науқастардың ауру тарихын көріп-білуге нақты заңды тұлғаны белгілеуді ұсынды.
Мәжіліс төрағасы халықты алаңдататын сұрақта нақтылықты талап етті. Ол екінші оқылымға дейін жұмыс тобында мәселені тайға таңба басқандай шешуді тапсырды. Ал вакцина төңірегіндегі пікірталас енді сейілуі тиіс. Себебі депутаттар жобаға нақты өзгерістер енгізді. Оның үстіне халықтың 65% екпеден бас тартуда. Сондықтан Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылайтын комитеттің өкілеттігін кеңейтіп, «екпенің сапасы тексерілсін» деп қадап айтты. Тендерге жауапты органдарға жауапкершілік қатаңдатылады. Сапасыз екпе үшін оны тасымалдаған компания өкілі 5 жылға бостандығынан айрылуы мүмкін. Құжатқа осы норма енді. Ал балабақшада егілмеген балалар саны ұжымдық иммунитет деңгейінен төмен болмауы қажет.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Балабақшаларға балаларды қабылдау туралы келіскен ұсыныс ұжымдық заң шыққаннан кейін Білім және ғылым министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп арнайы тәртіп бойынша осы деңгейді бекітеді. Мысалы, 95% болса, әрбір балабақшаның көлемінде екпе өтпеген балалардың көлемі 5% аспау қажет.
Депутаттар кодекспен жұмыс кезінде скрининг өтпеген қызметкерлердің еңбек құқығын шектеу, жұмыс берушінің қол астындағыларын қан тапсыруға мәжбүрлеу, адам ағзасын шетелге тасымалдау секілді нормаларды алып тастады. 16 жасқа толғандар атан ана-анасының рұқсатынсыз хирургиялық рәсім жасалмауы тиіс деген түзету қолдау тапты. Азаматтық қоғам өкілдері қатысқан жұмыс тобының 27 отырысында 900 ден астам ұсыныс қаралды. Өзеріс те, түзету де көп.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Кодекстің әрбір нормасы жан-жақты талқыланып, көптеген сұрақ өз шешімін тапты. Әсіресе цифрлық технологияны енгізе отырып, медициналық қызметтің сапасын күшейту донорлық мәселесі ана және бала денсаулығын сақтау бойынша өзгерістер енгізілді. Соның арқасында денсаулық саласында бұрынғыдан да бөлек заман талабына сай жаңа заң мақұлданды деуге болады.
Екінші оқылымға дейін Денсаулық туралы кодекстің бірқатар нормасы тағы да жұмыс тобында қаралады. Айта кетейік, Мәжіліс отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын қарауға алды.
Авторлары: Индира Жылқайдарова, Дәурен Жұрхабаев