Қазақстан Қарулы күштерінің Бас штабында жаңа бөлімше құрылды
Қарулы Күштердің коронавирустың таралуына қарсы күреске қатысуының аралық қорытындылары және қауіп-қатерлерге жауап берудің жаңа деңгейі, Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті мен Денсаулық сақтау министрлігіне жәрдемдесу, сондай-ақ жеке құрам мен азаматтық халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі қосымша шаралар.
Қазақстан Республикасы Президенті – Қарулы күштер Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша вирустың таралуына қарсы күресте дезинфекциялауға ерекше мән беріледі. Биологиялық қорғау бөлімшелері еліміздің барлық өңірлерінде дезинфекция жүргізуде. 5 апта ішінде жалпы ауданы 36 млн шаршы метрден асатын әлеуметтік маңызы бар объектілер, ұзындығы 2,5 мың км астам жол учаскелері өңделді.
Қазіргі жағдайда радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері қауіпті вирустармен күрес кезінде қауіп-қатерлердің спектрі кеңеюде, сонымен бірге оларға іс-шараларға байланысты әрекет ету жөніндегі талаптар да артады.
Өткен кезекті аппараттық кеңесте қорғаныс министрі атап өткендей, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерін қайта құру және күшейту қажеттігі туындады. Осы мақсатта Қарулы күштердің Бас штабында радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерлері департаменті құрылды. Бұған дейін Қарулы күштерде РХБ қорғау іс-шараларын ұйымдастыру ҚР ҚК БШ инженерлік әскерлер департаментінің құрылымдық бөлімшесіне РХБ қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерлері басқармасына жүктелді.
Жаңа бөлімшеге қысқа мерзімде қазіргі заманғы қауіп-қатерлерді, әскерлердің мүмкіндіктерін және әлемнің жетекші елдерінің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің даму үрдістерін ескере отырып, Қарулы күштерді қорғау РХБ жүйесін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу міндеті қойылды.
Сондай-ақ əскери қызметшілердің жеке құрамы мен отбасы мүшелерінің денсаулық қауіпсіздігі мәселесі аса маңызды болып табылады.
Нұрлан Ермекбаев жұқтыру қаупі жоғары әскери қызметшілердің санатын анықтау, коронавирусқа қарсы күресте отбасы мүшелеріне дәрігерлер, полиция қызметкерлері кіретін және т.б. жұмылдырылған адамдарды тексеру міндетін қойды.
Бұрын енгізілген әскерлер мен әскери қалашықтарда шектеу іс-шаралары ерекше бақылауда болады. Атап айтқанда, барлық әскери нысандарда, әсіресе әскери қалашықтарда, тәуліктік нарядпен қызмет атқару орындарында, казармаларда және асханаларда, тосқауыл бекеттерінде, сондай-ақ көлік құралдарында дезинфекция режимін қатаң сақтау күшейтіледі.
Әскери бөлімдер мен мекемелер бөгде адамдардың келуі қысқартылды, жеке құрамның жаппай жиналуымен өтетін іс-шаралар мен сап түзеулер, шетелге іссапарлар мен демалыстарға шығуы шектетілді.
Дәрі-дәрмек препараттары, дезинфекциялық құралдар, қорғаныш маскалары мен қолғаптар қоры толықтырылды. Әскери қызметшілермен жұқтыру белгілері мен байланыстары анықталған кезде денсаулық жағдайына бақылау жүргізу және карантиндік шараларды уақтылы қабылдау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Қосымша барлығына коронавирустың белгілері жеткізілді, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жадынамалар мен COVID-19-дың алдын алу бойынша қалта брошюралары таратылды.
Медицина қызметкерлеріне тамақтануды ұйымдарын және осы объектілердің қызметкерлеріне күніне кемінде екі рет медициналық тексеруді жүзеге асыру тапсырылды. Әскери ұжымдардың аталмыш вируспен ауруына жол бермеу үшін бақылау-өткізу пункттерінде әрбір әскери қызметшіге денсаулығына және дене қызуына қатысты сұрау жүргізу, күн сайын блокбекеттердегі, патрульдердегі және арнайы өңдеу жасақтарындағы әскери қызметшілерге медициналық тексеру жүргізу. Кез келген денсаулығына қатысты жағымсыз белгілер пайда болғанда, әсіресе ЖРВИ-ға қатысты арнайы тестілеуді ұйымдастыру.
Әскери басшылықтың шешімімен Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталі толығымен Денсаулық сақтау министрлігінің қажеттілігі үшін берілді. Инфекциялық стационар ретінде ол коронавирустың шұғыл көрсеткіштері бойынша клиникалық белгілері бар емделушілерді емдеуге жатқызу үшін пайдаланылатын болады.
Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының және аймақ әкімдерінің өтініштері бойынша коронавирус індетіне күдікті халық және әскери қызметшілерді қабылдау үшін жұқпалы және провизорлық стационарлар ретінде Талдықорған қаласының 90 орынды әскери госпиталі, карантиндік стационар ретінде Үшарал қаласының 120 орынды әскери лазареті дайындалды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК СЭО ПТР-зертханасы іске қосуға дайын.
Объектіде жөндеу жұмыстары аяқталды. Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі міндеттермен қатар министр Арыс қаласындағы ТЖ салдарын жою бойынша маңызды жұмысты жалғастыруды, әскери полигондарды тазартуды, сондай-ақ әскери халықаралық ойындарға дайындықты тоқтатпауды тапсырды.