Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаһандық экономиканы қалпына келтіру үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет
Пандемия салдарынан, әсіресе, теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер қатты зардап шеккені белгілі. Осы дамушы елдер тобының қазіргі төрағасы ретінде Қазақстан БҰҰ-ның Жол картасын қабылдауды ұсынып отыр. Мемлекет басшысы жоғары мінберден тағы бірнеше бастама көтерді. Солардың бірі – Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру. Бұл – уақыт талабы. Себебі жер жаһанды жайлаған пандемияға байланысты биологиялық бақылау мәселесі бұрынғыдан да өзекті бола түсті.
Қазақстан Президентінің сөзінше халықаралық қауымдастық коронавирус пандемиясынан кейін денсаулық сақтау саласында туындаған дағдарысты еңсеру үшін бұдан да көп күш жұмсауы керек. Әлемдік экономика туралы сөз қозғағанда Тоқаев БҰҰ-ның делегаттарын келісілген шараларды шұғыл қолға алуға шақырды. Ең кедей елдердің қарыздарын төлеуін тоқтату жөніндегі шаралар түсініксіздікті төмендетуге ықпал ететінін атап өтіп, халықаралық қаржы мекемелері өз жұмыстарына инновациялық шешімдерді белсенді енгізуі керек екенін айтты.