Хабар телеарнасы

Президент: ЕҰУ халықаралық мәртебесін нығайту қажет

Ерлан Сыдықов Мемлекет басшысына университет жанынан ашылған «Абай академиясы» туралы айтып берді. Президент әсіресе шетелде Абай Құнанбайұлының мұрасын ұлттық бренд ретінде насихаттау жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына тоқталды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Сыдықовқа ЕҰУ базасында ашылатын оқу-зертханалық кешенінің құрылысы жөнінде және басқа да бірқатар тапсырма берді.