Нұрлан Ермекбаев: Қазақстан армиясы заманауи қорғаныс құралдарымен жабдықталады
Бұл туралы Президент қабылдауында болған Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев айтты. Бұдан бөлек, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды сапалы киім-кешекпен қамтамасыз ету жайы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев министрге ведомствоның алқа отырысын ұйымдастыруға тапсырма берді. Жиында 2020 жылғы әскери дайындықтың қорытындылары жасалып, алдағы міндеттер айқындалады.