Елбасы «Атамекен» ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметовты қабылдады
- Категория: Саясат

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Абылай Мырзахметов Елбасыға саладағы қазіргі ахуал жайлы айтып берді.
Ұлттық палата әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға арнап дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарын шығаруды қолға алыпты. Бұл мақсатта отандық өндірушілермен арнайы жұмыс жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ кездесуде халықты жұмыспен қамту, карантиннен зардап шеккен бизнес өкілдерін қолдау мәселелері талқыланды.