Хабар телеарнасы

Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев Елбасыға атқарылған жұмыстар туралы баяндады

Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешов Елбасыға осы бағытта атқарылған жұмыстарды баяндады.

Таяуда бірқатар халықаралық ұйымдар мен ТМД мемлекеттері Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары бас қосқан болатын. Әсет Исекешов жиында кибер қауіпсіздік, есірткі тасымалына тосқауыл қою және терроризммен күрес мәселелері көтерілгенін айтты.

Сондай-ақ Елбасымен кездесуде құқық қорғау жүйесін дамыту және елдегі қылмыс деңгейін төмендету жайы да сөз болды.