Ерлан Саиров: Nur Otan әлеуметтік мәселелерді шешуге әзір
Nur Otan партиясы әзірлеген сайлауалды бағдарламаның негізгі өзегі осы. «Алдағы бес жылда адам капиталын арттыруға, ана мен баланың жағдайын жақсартуға, аймақтарды дамытуға 21 трлн теңгені бағыттау елдің әлеуметтік прогресін сөзсіз күшейтеді», – дейді саясаттанушы Ерлан Саиров. Сарапшының сөзінше, партия өткізген праймериз Қазақстанда жаңа тұрпаттағы саяси мәдениетті қалыптастырды.
Ерлан Саиров, саясаттанушы:
- Менің ойымша, бұл өте ауқымды, сонымен бірге біздің елімізде әлеуметтік-экономикалық дамуды, әртүрлі территориялық мәселені шешуге бағытталған нақты бағдарлама деп айтуға негіз бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Nur Otan қайта құрудан өтті», – деді. Міне осы қайта құру, реформа, реформация еліміздегі пандемияға байланысты қордаланған әртүрлі әлеуметтік мәселені шешуге дайын.