Павлодар облысының әкімі Президентке он айда атқарған жұмыстарды баяндады
Әкім Президентке аймақта өткен он айда атқарылған жұмыстарды баяндап берді. Динамика оң, «Жұмыспен қамту» жол картасы аясында 227 жоба іске асқан. Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, коронавирус пандемиясы бойынша жағдай күрделі болғанымен, толық бақылауда. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті, сондай-ақ павлодарлық 600 медицина қызметкерінің білімі жетілдірілген. Өңірде ПТР сынамасын алатын төрт лаборатория жаңадан ашылған. Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының республикадағы маңызды аймақтардың бірі екенін, өңірге жан-жақты қолдау көрсетілетінін айта келе, халықты жұмыспен қамтуды жалғастырып, аймақтың даму қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды.