«Ауыл» партиясы кәсіпкерлермен күш біріктіреді
Қос тарап ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Шара барысында осы бағытта туындаған мәселелер мен олардың шешілу жолдары талқыға түсті. Сондай-ақ алдағы бес жылға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасының қағидалары ұсынылды.
Құнарлы тағам, пайдалы астың барлығы дерлігі ауылдан алынады. Оларды ұдайы тұтыну денсаулыққа пайдалы. Әсіресе мынадай қысыл-таяңда өте қажет. Мұндай тауарларды өндіретін кәсіпкерлер, бұдан былай «Ауыл» партиясына арқа сүйейтін болады.
Әли Бектаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы:
– Және қандай көмек керек? Сол көмекті ала алмай жатады кей уақытта. Сондықтан біздің ойымызша, агросоздармен бірігіп, басын біріктіріп, бірлескен жұмыс жасауға меморандумға қол қойып, күшімізді біріктірсек. Сөйтіп олардың тәжірибесін, мүмкіндігін, экспорттық потенциалын, жинақтаған тәжірибелерін ортаға сала отырып, осы ауылшаруашылығын дамытуға нақты жоспар.
«Саусақ бірікпей, ине ілікпейді». Жұдырықтай жұмылуды жөн көрген «Ауыл» партиясы ең бірінші кәсіпкерлік кедергіні жоюды көздейді. Ескірген техникаларды 40 процентке жаңарту, бизнестегі стартап өкілдерді қолдау, ірі нарықтарға жол ашу сынды түйіткілдердің түйінін тарқтапақ.
Төлеутай Рақымбеков, «Ауыл» ХДПП Төрағасының бірінші орынбасары:
– Сол жобаның сапасы қалай болады? Қандай сұрақтар шешіледі? Қандай сұрақтан назардан тыс қалады? Сондықтан бірігіп, осы жұмысты қолға алып, Мәселе біреуді біреуге қарсы қою емес, бірігіп жұмыс істейміз. Сол бірігіп, мысалы, біздің өкілдер арқылы осы жұмысты қолға алуға болады.
«Ауыл» партиясының тарихы 20 жылдан кем емес. Соңғы бес жылда қарқынды түлегені рас. Осы өткен 2-3 жыл көлемінде оның құрамына 52 мыңнан астам азамат қосылды. Ал бастауыш партия ұйымдарының саны 500-ден 900-ге дейін жеткен.
Авторлары: Бірлік Берікұлы, Аманжол Байғазин