ҚКХП жол сапасын назарда ұстайды
Қазақстан коммунистік халық партиясы еліміз бойынша жөнделіп, салынып жатқан автокөлік жолдарының құрылысын бақылауға алды. Осы орайда мамандармен кездесіп, жолдардағы қауіпсіздік мәселесі мен жол құрылысының стандарттарға сәйкестігіне қатысты ой бөлісті.
Басқосуда айтылған пікірлер мен ұсыныстар Парламент Мәжілісіне жолданады. Биыл тек Атырау облысы бойынша жол құрылысына 41,1 миллиард теңге қаржы бөлінген.
Ерболат Дәулетқазиев, ҚКХП облыстық комитетінің бірінші хатшысы:
– ҚКХП сол қазір жол мәселесін қарап жатырмыз. Мүгедектерге арналған жолдар да бар. Сапасын қарап жатырмыз. Қазір республикалық дәрежедегі жолдар салынып жатыр. Жылына 60 шақырым жасалса, ол неше жылда салынады? Сосын кей жерлерге переход керек, эстакада керек жүретін Ауылдық жерлерде мал өтетін жолдар да керек. Соның бәрін де қарап жатырмыз.