Елбасының сыныптастары мен үзеңгілес достары естеліктерімен бөлісті
Бір-бірінен мыңдаған шақырым қашықта тұрса да, сыныптастары мен сындарлы жылдарда қасында болған серіктері Елбасы туралы естеліктерімен бөлісті.
Шамалған мен Теміртау. Алғашқы атырапта Елбасыдай есіл ер дүниеге келсе, кейінгісінде еңбек жолы басталған еді. Көгілдір экранның қос басында Нұрсұлтан Назарбаевты жастайынан білген, бірге оқыған, өмір ағынымен жүздескен, не болмаса кейіннен батасын алғандар отыр. Сондай мүмкіндікке ие болғандардың бірі – Сейтқазы Мұқағали.
Мұқағали Сейтқазы, ақын:
- Бірінші болу кез келген сәтте қиын ғой. Тұңғыш Президент арқылы шекарамыз бекітіліп, Сарыарқаның төрінен мақтанышпен айта алатын астанамыз салынды. Бұл Елбасымыздың ел болу, мемлекет болып қалыптасқан жолындағы біршама ісінің насихатталатын күні деп білемін.
Тұңғыш Президент күнін АҚШ 1885 жылдан бері атап өтіп келеді. Кейін Ұлыбритания, Исландия, Голландия сынды елдерде өз қаһарманын қадірлей білді. Қазақ елі де тәуелсіз елдің Тұңғыш Президенті күнін 2012 жылдан бері атап өтіп, ерім дейтін елдің бар екенін көрсетті.
Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі:
- Бірінші болу – қиын әрі үлкен жауапкершілік. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі заманғы жаңа мемлекеттің іргесін қалаушы ғана емес, ол нағыз ұлт көшбасшысына, тәуелсіздік симолына айналды.
Теміртаудағы Тұңғыш Президент музейінде қазірдің өзінде үш мыңнан астам экспонат бар. Алты бірдей залда тәуелсіз елдің аяққа нық тұруы мен Елбасының еңбек жолы туралы құнды мәліметтер бар. Музейге жылына кемі 100 мың адам келетін көрінеді.
Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Аслан Демесбаев