ҚХА кеңесі Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімін нақтылады
2021 жылдың 11 қаңтарында ҚХА-ның сессиясында сайлау өтеді. Саяси науқанды өткізу орны ретінде Бейбітшілік және келісім сарайы белгіленген. Ассамблея мүшелерінің 50% астам дауысын жинаған кандидаттар сайланады. Айта кетейік, бүгінгі күні ҚХА-ның 504 мүшесі бар. Олардың әрқайсысы жеке дауыс береді.
Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
- Мәжілістің бұған дейінгі шақырылымында Ассамблеядан сайланған депутаттық құрам 12 заң жобасына бастамашы болды. Ал 200-ден астам жаңа заң жобасының талқылауларына қатысты. Сол құжаттарға екі мыңнан астам өзгеріс енгізді. Сондай-ақ 226 депутаттық сауал жолдаған.