13:55Эфирде: «Летние Олимпийские игры. Токио - 2020. Бокс». Прямой эфир
17:00Әрі қарай: «Летние Олимпийские игры. Токио - 2020. Тяжелая атлетика». Прямой эфир
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Дональд Трамп Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

  • Категория: Саясат
Дональд Трамп Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

АҚШ Президенті Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жолдады.

Жеделхатта Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және барша қазақстандықты ел тәуелсіздігінің 29 жылдығымен құттықтай отырып, Қазақстанның Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және өркендеу жолында 30 жылға жуық уақыт көш бастап келе жатқанын Президентпен бірге атап өтуге қуанышты екенін жеткізген.

«Биылғы жыл бұрын-соңды болмаған жаһандық сынақтарды алдымызға тосты. Бірақ біздің серіктестігіміз бұл сынаққа төтеп берді. Кеңейтілген стратегиялық әріптестігіміздің шеңберінде біз COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастығымыздың барлық бағытында оң нәтижеге қол жеткіздік. Америка халқының атынан Қазақстан халқына алдағы жылы денсаулық пен бақ-береке тілеймін», – делінген АҚШ Президентінің жеделхатында.

Сондай-ақ...