Асқар Мамин елге еңбегі сіңген азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады
Сала үздіктеріне «Парасат», «Құрмет», II дәрежелі «Достық» және «Айбын» ордендері берілді. Ал белсенділігімен көзге түскен жандарға «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.
Сонымен қатар Ақордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев та наградаларды табыстау рәсімін өткізді. Шарада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бір топ белгілі мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау салаларының қайраткерлеріне марапаттар, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық лауреаттарына дипломдар мен төсбелгілер табысталды.
Салтанатты жиын барысында Қырымбек Көшербаев марапат иелеріне жаңа табыстар мен жетістіктер тілеп, Мемлекет басшысының және де өз атынан алғысын білдірді.
Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
- Сіздер – елдің келбетісіздер. Еңбектеріңізбен тәуелсіздігіміздің одан әрі нығая түсуіне, көк байрағымызды желбіреп, өскелең ұрпақтың, халқымыздың асыл арманын, үкілі үмітін іске асыруға жол ашып беріп отырған үлкен буынның өкілдерісіздер. Сондықтан атқарып жатқан қызметтеріңіз үшін Мемлекет басшысының және өзімнің атымнан алғыс білдіремін.