Мемлекет басшылары биылғы жылдың қорытындыларын жоғары бағалап, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту үшін күш біріктіру қажеттігіне тоқталды. Орталық Азиядағы аймақтық ұжымдасудың маңыздылығын да сөз етті. Қос Президент бір-бірін Жаңа жылмен құттықтап, жүрекжарды тілектерін айтты.