Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Үкімет басшысы еліміздегі санитарлық- эпидемиологиялық ахуалдың бақылауда екенін жеткізді. Қазіргі уақытта отандық QazCovid-in вакцинасы клиникалық сынақтың ІІІ сатысынан өтіп жатыр. Оның алдын ала тиімділігі 96% құрайды. 26 қаңтарға жоспарланған Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық барысы сөз болды. Кездесу соңында Президент Үкіметке Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық қызметі жоғары деңгейде атқарылуын қамтамасыз етуді тапсырды.