Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Елбасына 2020 жылдың қорытындысын баяндады
Сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президентіне 2020 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп, көлік және құрылыс салаларындағы негізгі даму көрсеткіштері туралы баяндалды.
«Өңдеу өнеркәсібінің бірқатар секторында өсім бар. Атап айтқанда, машина жасау – 16,3%, жеңіл өнеркәсіп – 15, ал фармацевтика өнеркәсібі 47%-ке артты», – деді Атамқұлов.