Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады
Ішкі істер министрі Президентке осылай деп есеп берді. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, ұрлық-қарлық сиреген. Бұзақылыққа баратындар да бұрынғыдай көп емес. Көлік апаттары да азайған. Қазір олар саланы жандандырып жатыр. Жұмыстарында айтарлықтай өзгеріс бар. Мәселен, тәртіп сақшылары «жұртқа жақын полиция» қағидатын ұстанатын болған. Учаскелік инспекторларға көп көңіл бөлінуде. Одан бөлек «Police 102» мобильдік қосымшасы іске қосылды. Ол тұрғындардың тәртіп сақшыларына дереу хабарласуына мүмкіндік береді. Ал Президент ішкі істер органдарын реформалауды жалғастыра беру керегін айтты.