Л. Рамазанова Президентке Ұлттық комиссияның атқарған жұмыстары туралы есеп берді
Ләззат Рамазанова Ұлттық комиссияның атқарған жұмыстары мен жоспарлары туралы есеп берді. Кездесуде отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды сақтауға, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған заң нормаларын жетілдіру мәселелері қаралды. Президент: «Заң жобасын пысықтауға орталық және жергілікті атқарушы органның бәрі жұмылдырылуы тиіс», – деді. Кездесуде елдің қоғамдық-саяси өміріне әйелдердің араласу мәселесі де қозғалды. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік және корпоративтік секторлардағы әйелдердің тең құқығы мен мүмкіндігін сақтау олардың қызметінің тиімділігімен бағалануы қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік деңгейдегі қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге әйелдерді жұмылдыру жобасын оң бағалады.