Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Сапар соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығында болды. Қырғыз елінің басшысына орталықтың Халықаралық сотының, Арбитраж орталығының және Ислам қаржысы мен бизнесі жөніндегі хабтың жұмысы туралы айтылды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровқа электронды сот төрелігінің жүйесі мен TABYS мобильді қосымшасы таныстырылды. Алдағы уақытта «Астана» халықаралық қаржы орталығының бөлімшесі Бішкекте ашылмақ. Бұл жайында орталықтың басшысы Қайрат Келімбетов айтты. Ол Қырғызстанның Инвестиция тарту жөніндегі агенттігінің өкілдігін Қаржы орталығында ашуды ұсынды.