ҚР Президенті Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысын қабылдады
Бұл кеңеске мүше елдердің шағын және орта бизнес өкілдері арасындағы байланысты нығайта түседі. Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев осыны айтты.
Президенттің пікірінше, кеңестің экономикалық бағыттағы жұмысын күшейте түсу қажет. Ал Бағдат Әміреев Президентке кеңес атқарып жатқан жұмыстарды кеңірек баяндады. Соның бір бағыты – Түркі кеңесінің мәртебесін халықаралық ұйым деңгейіне көтеру. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2009 жылы құрылған. Ұйымның құрамында Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан мен Өзбекстан бар.