Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Премьер-министр А. Маминді қабылдады
Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында өсім бар. Бұл жайында Мемлекет басшысының қабылдауында болған Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты. Премьер-министрдің пікірінше, соңғы екі айда экономиканың өзге де тармақтарында тұрақты өсім байқалады.
Президентке ОПЕК+ мониторинг комитеті отырысының қорытындысы туралы да ақпарат берілді. Ол отырыста Қазақстан үшін мұнай өндірісін тәулігіне 20 мың баррельге дейін арттыру туралы жеке келісім жасалған еді. Бұл тау-кен секторындағы өндіріс өсімін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Кездесуде елдегі санитарлық ахуал да сөз болды. Премьер-министрдің айтуынша, жағдай бақылауда. Қазіргі күні жұқпалы аурулар ауруханаларындағы төсек-орын 23%, ал жансақтау бөлімшелеріндегі орындар 16% толған.