Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдеріне азық-түлік бағасының одан әрі өсуіне жол бермеуді тапсырды
Асқар Мамин елде цифрлық платформа құру жөніндегі Мемлекет басшысы берген тапсырманың орындалу барысын баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мұқтаж азаматтарды сапалы баспанамен қамту үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысындағы проблемаларды шешуді тапсырды.
Бұған қоса, үкімет жергілікті маңызы бар жолдарды сапалы жөндеу және салу мәселелерімен айналысуы керек. Азаматтарға вакцина салуды барынша ақпараттандыру мен биылғы белгіленген шекке қол жеткізу мәселесі де өзекті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдеріне азық-түлік бағасының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін бақылауды күшейтуді тапсырды.