Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар оң бағаланды
Былтыр сыбайлас жемқорлықтың әлемдік индексінде еліміз 38 балл жинады. Бұл соңғы жылдардағы ең үздік нәтиже. Индекс 100 балдан құралады. Бұл жайлы бүгін Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Енді 2025-ші жылға қарай еліміз сыбайлас жемқорлық индексінде 45 балл жинауы тиіс. Сондықтан қарқынды төмендетпеу маңызды.
Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
- Бүгін біз екі мәселені қарастырамыз. Біріншісі – «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асуы. Одан соң Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен 2020 жылғы 19 тамыздағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы» Кеңестің хаттамасын іске асыру барысын қараймыз. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының 2014 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бар. Бұл жемқорлықпен күрестің негізгі бағдарламалық құжаты болып саналады.