Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚХА ХХІХ сессиясы өтті
Әлемді әрі-сәрі күйге түсірген алмағайып заманда қадірі ешқашан кемімейтін бір құндылық бар. Ол – ауызбіршілік. Бұл жолғы жиынды «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» деп атаудың өзінде бір мән бар. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап достық, ынтымақ және тұрақтылық – Қазақстан саясатының негізі өзегі болды, елді жетістіктерге жетелеп келе жатқан бағдарға айналды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Ассамблеяның бүгінгі сессиясының маңызы ерекше. Биыл ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтетін жыл болып отыр. 1991 жылы еліміздің халқы үшін жаңа дәуірдің басы болды.
«Бес саусақ бірдей емес», – деді Елбасы. Кейде жастардың тентектігін ұлтаралық проблемаға балап, ушықтырып әкетуге дайын тұратындардың жолын кес-кестеуге келгенде Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі зор болуы керек. Жауапты мемлекет. Жауапты қоғам. Және жауапты адам. Азаматтардың теңдігіне негізделген осы үш тағанды алға тарта отырып, Елбасы заң тәртіп болған жағдайда ғана жұмыс істейтінін айтты. Тәртіпке бағынған құл болмайды. Заңды әзірлеу –мемлекет міндеті болса, сол заңға бағыну – қоғамға жүктелген жауапкершілік.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Институтам Ассамблеи необходимо быть готовыми в любое время дать отпор любому вызову, который может нанести ущерб нашей модели межэтнического согласия. АНК должен внести свой вклад в формирование нового облика страны и новой идентичности нации. Для воплощения в жизнь этой цели необходимо консолидировать наших сограждан. Это подразумевает необходимость продолжения акцентированной и системной интеграции всех этносоциальных групп в общеказахстанский социум.
Жиында сөз алғандардың қай-қайсысы да өз ісінің майталманы. Он жасында Атажұртқа ойын баласы болып келген Заңғар Санай өз сөзін «Егемен елде еш алаңсыз еркін өсіп, ержеттім» деп бастады. Елбасына Дүниежүзі қазақ жастарының алғысын жеткізді.
Заңғар Санай, Қостанай облысындағы «Астана» телеарнасының тілшісі:
- Азаттықтың арқасында Алтайдан – Атырауға дейінгі байтақ даланың шекарасы белгіленіп, қазығы қағылды. Сан ғасырдың түйткілі болған Қытай мен Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан сынды мемлекеттер арасындағы шекара мәселесі шешілгенде, әлемдік қауымдастық таңданысын жасыра алмады. Расында, кейбір мемлекеттер ғасырлар бойы шекара мәселесін шеше алмай келеді. Ал Сіз сайын даланың шеткі шебін санаулы уақытта шегендеп бердіңіз. Ерен еңбегіңізге кемелді келешек ұрпақ өзінің тарихи бағасын береді деп білем.
Ал қазақтың келіні Мария Әуезованың тағдыры кімді болса да бейжай қалдырмайды. Алты жыл бұрын дертке шалдығып, аяғынан айырылған ол қайсарлықтың ерен үлгісін көрсетті.
Мария Әуезова, альпинист, халықаралық санаттағы спорт шебері:
- И в апреле 2021 года мы, команда, совершили успешный подъем на базовый лагерь Эвереста, высотой 5364 метра, и на гору Кала-Патхар, высотой 5640 метров. Это было ночное, особенно сложное и трудное восхождение. Холод, тьма, валуны. Но мы дошли и подняли наш гордый флаг Казахстана! Нурсултан Абишевич, мы посвятили это восхождение нашему Казахстану, нашей Независимости! Вот этот флаг!
«Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» деген атаумен өткен жиын «тарихи» деп таңбаланатын болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағалық тізгінін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Ең алдымен, сенімдеріңізге шын жүректен алғыс айтамын. Ассамблеяны басқару – өте жауапты жұмыс. Бұл – үлкен саясат. Сондықтан, осы міндетті жауапкершілікпен атқарамын деп айтқым келеді. Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіз Тәуелсіздігімізді нығайтып, Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосу үшін, ең алдымен, ауызбіршілік, татулық аса қажет екенін үнемі айтып келесіз. Бұл – көне заманнан келе жатқан ақиқат, қазіргі ұрпаққа да қажетті құндылық. Табысты реформаларыңыздың мызғымас тұғыры – халқымыздың бірлігі. Ал еліміздің бірегейлігі – әр алуан ұлт пен ұлыстың жарасымды татулығы.
Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрметті Төрағасы мәртебесін ұсынып, «Халық пен мемлекет алдындағы сіңірген тарихи еңбегіңізге сай бұл мәртебе Сізге тиесілі», – деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Сіз «Қазақстан жолы» тұжырымдамасын бүкіл әлемге паш еттіңіз. Қазіргі таңда мемлекетіміздің дара жолын дүние жүзі мойындайды және жоғары бағалайды. Жаһан жұртшылығы Сізді аса көрнекті реформатор және әлем деңгейіндегі саясаткер ретінде құрметтейді. Парасатты басшылығыңызбен қол жеткізген табыстарымыз мәңгілік тарихи мән-маңызға ие болды. Сондықтан, елдік жолында сіңірген ерен еңбегіңіз әлемнің және Қазақстанның тарихында мәңгі жазылатыны сөзсіз. Халқымыздың тату-тәтті тіршілігі – Сіздің салиқалы саясатыңыздың арқасы.
Ассамблея қазір әбден қалыптасқан, орныққан құрылым. Бірлікке бастаған бірлестіктің бастауында Нұрсұлтан Назарбаев тұр. Консультативтік-кеңесші органның конституциялық мәртебеге ие болған қазақстандық Ассамблеяның тәжірибесі көп мемлекетке үлгі.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Здесь хочу сказать, что все эти годы я всегда ставил на первое место единство народа, благополучие, гармонию, безопасность, стабильность и спокойствие. Я хотел, чтобы наша страна была эпицентром мира, чтобы никогда трагедия воин кровавых, религиозных, межэтнических конфликтов не омрачила жизнь наших граждан. Сегодня можно констатировать, что эта моя мечта сбылась.
Біздің елде өзара келісімнің өзіндік мәдениеті бар. Сол мәдениетті, нақтырақ айтсақ, отыз жылға ұласқан бірлік, татулық пен келісімді келер ұрпаққа табыстау міндеттің үлкені болмақ.
Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде «бейбітшілік», «бірлік» ұғымдарының синониміне айналып үлгерді. Бүгінгі сессияға жиналған қауымның айтары осы. Олардың тілі, діні басқа болғанымен, тілегі бір. «Елдің ұйқысы тыныш, болашағы баянды болса», – дейді бәрі. Қазақстанды мекендеген өзге ұлыстардың қай-қайсысы да қазақтың жомарттығына, дархандығы мен қанына сіңген кеңдігіне күмән келтірмейді.
Диляфруз Кенжеханова, Жамбыл облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:
- Ұлтым өзбек болса да, жұмыста мені бәрі қолдайды. «Сен өзбексің, жұмыс істемейсің» деп бөліп-жарып қарамайды. Ынтымақтастықта өмір сүреміз.
Әлібек Әлмәдиев, әнші, музыкант:
- Ұлы Отан соғысы кезінде біз әртүрлі халықты қарсы алдық. Олардың ішінде еврей, татар, кавказ да болды. Менің отбасымда да осындай халықты қарсы алған адамдар бар. Сондықтан мен онымен мақтанамын. Ол қазақ жүрегінің кеңдігін көрсетеді. Соны жалғастыра берсек, тіпті жақсы болар еді.
Евгений Выблов, «Үміт» балалар үйінің көркемдік жетекшісі:
- Мен үшін еліміздегі Ассамблеяның орны ерекше. Өйткені өзім балалар үйінде тәрбиелендім. Ұлтқа бөлінуге мүлде болмайды. Әр түрлі ұлт өкілі болып бір үйдің баласындай ержеттік. Өйткені ол жердің тәрбиесі солай, бір болуға, адамды бөліп-жармауға тәрбиелейді.
Авторлары: Дархан Әбдуахит және Саят Ромазанов